Энергетика министрлігінде бензин бағасының біртіндеп өсуі болжанды
Фото: Zakon.kz
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев 2026 жылғы 14 сәуірде Үкіметтегі брифингте бензин бағасының өсу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бағаның күрт қымбаттауы болмайтынын атап өтті.
"Ресми түрде мәлімдегім келеді: мемлекет пен Энергетика министрлігі бензин бағасының күрт өсуіне жол бермейді. Мораторийдің алынғанына екі апта өтті, біздің мәлімет бойынша, бағалар негізінен 1 теңгеге ғана көтерілді. Министрлік ұлттық компаниялармен бірлесіп, елді жанар-жағармаймен толық қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр", – деді Тұтқышбаев.
Вице-министр Қазақстанда өндірілетін бензиннің сапасына қатысты ешқандай шағым жоқ екенін де айтты.
"Баға өседі, бірақ біртіндеп, күрт қымбаттау болмайды", – деп толықтырды ол.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын көтеруге енгізілген мораторий аяқталды. Бұл мораторий 2025 жылғы 16 қазаннан бастап қолданыста болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript