Бектенов Шолпан-Ата қаласында ЕҮАК-тың шағын құрамдағы отырысына қатысты

Шолпан-Ата, Бектенов, ЕҮАК, шағын құрам, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 19:59 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

Онда биылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Қырғызстандағы қазақстандық шипажайлардың құрылыс барысымен танысқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: