Мемлекет проблемалық банктерге көмекті азайтпақ

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 16:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 15 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Дания Еспаева банк қызметі туралы заң жобасын талқылау барысында осы саладағы жаңалықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, енді мемлекет проблемалық банктерге бұрынғы көлемде көмек көрсетпейді.

"Банктерге мемлекеттік көмек көрсету және төлемге қабілетсіз банктерді реттеу мәселесіне қатысты заңнамадағы жаңа ережелерге тоқталып өткім келеді. Бюджет қаражаты есебінен банктерге көмек көрсету мәселесі үнемі депутаттар мен қоғам тарапынан сынға ұшырап келеді. Қазіргі қолданыстағы проблемалық банктерді реттеу тетіктерін халықаралық тәжірибе негізінде жетілдіру қажет", – деді Еспаева.

Заң жобасына сәйкес, енді банктер қаржылық жағдайын өз бетінше қалпына келтіруі тиіс.

Сондай-ақ, банк төлем қабілетінен айырылған жағдайда мемлекеттің араласуына шектеу қойылады.

"Бұл бюджет қаражатын пайдалануды шектеп, банктерге мемлекетке сенбей, өз басқару сапасын жақсартып, тұрақтылығын қалпына келтіруге ынталандырады. Мемлекеттік қолдау тек жүйелік маңызы бар банкке ғана көрсетіледі (оны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк анықтайды). Сонымен қатар, мемлекеттен алынған көмекті өтеу банктердің арнайы жарналары арқылы жүзеге асады",- деп қосты ол.

Мемлекеттік қолдау бойынша міндеттемелер толық өтелгенге дейін банкке акционерлер мен басшылыққа дивидендтер мен ақшалай сыйақылар төлеуге тыйым салынады.

Бұған дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне қандай сақтандыруды рәсімдеуге міндетті екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: