Financial Times газеті әлем бойынша 2026 жылға арналған болжамды жариялады
Сурет: Х/SND_China
31 желтоқсанда Financial Times авторлары саясат, экономика және технология салаларын қамтитын 2026 жылға арналған жыл сайынғы өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы қорытындыны газет редакциясы келесідей сипаттайды: әлем 2026 жылы айтулы оқиғаларға толы болады.
"Алайда, технологиядан қаржыға дейінгі бірқатар асыра бағаланған бағыттар салқындау кезеңіне тап болып, бұрынғы бағаларды қайта қарауына тура келеді", делінген басылымда.
Саясат және геосаясат:
- Дональд Трамп, FT бағалауы бойынша, жыл соңына дейін нарықтық қысымға, инфляцияға және сауда серіктестерінің қарсылығына байланысты ұстанған ең қатал тарифтік саясаттан бас тартады;
- Украинаның Донбасстан бас тартуы әскери күйреу жағдайында ғана мүмкін, - дейді FT авторлары;
- демократтар АҚШ Өкілдер палатасындағы басымдығын қайтарып алуы мүмкін, бұл оларға Трамптың күн тәртібіне қойған мәселелерге тосқауыл қоюға және тергеуді бастауға мүмкіндік береді;
- Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге ықтияр танытпауы мүмкін;
- Германия ультра оңшыл AfD айналасындағы саяси "санитарлық кордонды" сақтайды.
Экономика және қаржы:
- орталық банктердің көпшілігі сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді жалғастырады. Жапония бұл процестен тыс қалады;
- Қытай юаны рекордтық сауда профицитіне қарамастан айтарлықтай нығая қоймайды;
- жеке несиелеу секторында дефолттар өсімі күтіледі, бірақ жүйелі қаржылық дағдарыс болмайды;
- алтынның бір унциясының бағасы 5 мың доллардан асуы мүмкін;
- Африка өсу қарқыны бойынша алғаш рет Азияны сәл басып озуы мүмкін.
Технология:
- жасанды интеллект саласындағы қызып кету процесі жойылады: ірі технологиялық компаниялар тұрақтылықты сақтайды, ал венчурлық және кішігірім ойыншылар шығынға ұшырайды;
- коммерциялық тұрғыдан тиімді кванттық компьютер күтілгендей, 2026 жылы пайда болмауы мүмкін;
- гуманоидты роботтар нарыққа шығады, бірақ бағасы удай қымбат болады;
- ЖИ көмегімен толықтай әзірленген ән әлемдік чарттарда көшбасшы бола алмайды.
Бизнес және нарықтар:
FТ болжамы бойынша, Tesla АҚШ, Еуропа және Қытайда жоғалтып алған позицияларын қайта қалпына келтіре алмайды;
Илон Маск классикалық автоөндіріске емес, жасанды интеллект пен роботаксиге басымдық береді.
"Өткен жылғы болжамдарымыз рекордтық деңгейде дәлдік таныта алмады", – деп мойындайды редакция.
2025 жылы болжанған 20 дүниенің жетеуі орындалмады. Бұл - жоба тарихындағы ең нашар нәтиже.
"Бұл бүгінгі таңда әлемнің дамуын болжау қаншалықты қиын екенін анық көрсетеді", – деп ескертеді Financial Times газетінің авторлары 2026 жылға арналған жыл сайынғы болжамында.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылы қандай халықаралық әуе рейстері ашылатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript