Елімізде бензин мен басқа да жанар-жағармай өнімдерінің бағасына қатысты бақылау күшейтіледі
Сурет: Zakon.kz
Бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай бойынша агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 1 шілдеде агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады:
"Кеңес барысында агенттік төрағасы аумақтық департаменттерге мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілердің, сондай-ақ көлік жанармай құю станцияларының (АЖҚС) және автогаз құю станцияларының (АГҚС) баға саясатына мониторингті күшейтуді тапсырды. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда департаменттерге монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау тапсырылды".
Сонымен қатар, агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлегені де нақтыланады.
Сондай-ақ өңірлік штабтардың қызметі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілуде.
Айта кетсек, Ресейде бензин бағасы шарықтап, аталған отын тапшылығы пайда болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript