Жаңалықтар тізбегі
0

Физикадан халықаралық олимпиадада Қазақстаннан қатысқан бес оқушы да жүлделі орынға ие болды

Жапония, Токио, Физика пәнінен халықаралық олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 16:52 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Токиода физикадан оқушылар арасында халықаралық олимпиада өтті. Қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық білім сайысаны әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысқан, Қазақстанның намысын қорғаған төрт оқушы да жақсы нәтиже көрсетті. Олар:

  • Ерсұлтан Пітебай – Алматы қаласындағы ДББҰ "ФМБ НЗМ" оқушысы;
  • Әлішер Еркебаев – Ақтөбе қаласындағы ДББҰ "ФМБ НЗМ" оқушысы;
  • Марғұлан Нұрсағатов – Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;
  • Досжан Бисимби – Алматы қаласының "Мирас" халықаралық мектебінің оқушысы;
  • Даир Нұртаев – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.
Жапония, Токио, Физика пәнінен халықаралық олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 16:52

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

"Оқушылардың білімі мен дағдысы екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті", – дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.

Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: