Қазақстанда ақбөкен "Қызыл кітапқа" енбеген – Зоология институты

Қазақстанда ақбөкен "Қызыл кітапқа" енбеген – Зоология институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 17:54 Сурет: wikimedia
ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының биоценология және аң шаруашылығы зертханасының меңгерушісі Константин Плахов Қазақстан аумағында 1917-18 жылдары және 1927-28 жылдары киіктердің ірі эпизоотиялары тіркелгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, осы ғасырда да бұл бірегей жануарлардың жаппай қырылуы байқалды. 2003 жылы ақбөкендердің саны 20 мың дараға дейін қысқарды.

"Қазақстанда ақбөкен популяциясын сақтау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолданылды. Көбіне оның популяциясын тез қалпына келтіру және көбейту мүмкіндігінің арқасында ақбөкен Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жоқ", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Бұған дейін Қазақстанда киіктерді атуға мораторийді ұзартуды жоспарламайтыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: