Экономика бойынша Нобель сыйлығы әйелдердің еңбек нарығын зерттеген ғалымға берілді
The Associated Press агенттігінің мәліметінше, Гарвард университетінің профессоры Клаудия Голдин "еңбек нарығындағы гендерлік алшақтықты түсінуді тереңдеткен зерттеулері үшін" Нобель сыйлығымен марапатталды. Голдин бұл сыйлықты алған тарихтағы үшінші әйел экономист атанды(қалған 90 лауреат – ер адамдар).
Клаудия Голдин соңғы 200 жылдағы еңбек нарығындағы әйелдердің жағдайын зерттеп, үздіксіз экономикалық өсімге қарамастан, әйелдердің жалақысы әрқашан ерлердің жалақысын анкем боп келгенін көрсетті. Қазір әлемде әйелдердің білім деңгейі орта есеппен жоғары болса да, гендерлік алшақтық әлі күнге дейін жойылмай отыр. Өткен ғасырларда әйелдер еңбегі туралы ресми ақпарат болмағандықтан, зерттеу авторына мұрағат қорларынан аз белгілі дереккөздерді іздестіру және мәліметтер қорын құру үшін жүйелеу арқылы нақты детективтік зерттеу жүргізуге тура келген.
Нобель комитеті 77 жастағы Клаудия Голдиннің зерттеулерінің арқасында әйелдердің еңбек нарығындағы орны айқын болғанын және оның еңбегін қазіргі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге пайдалануға болатынын атап өтті.