"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағының иегерлері 350 мың теңгеден алды

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағының иегерлері 350 мың теңгеден алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 10:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы" ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді.

Оқу-ағарту министрлігі төлемақы алған мұғалімдер тізімін жариялады. Олар:

  • Забида Ахмедова – Жамбыл облысы Тараз қаласы "Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы" КММ мұғалімі;
  • Баян Базарғалиева – Ақтөбе облысы "Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі;
  • Зәуреш Даумова – Қостанай облысы "Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі;
  • Толқын Дуланбаева – Шығыс Қазақстан облысы "Ю. Гагарин атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі;
  • Айгүл Ержанова – Астана қаласы "Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі" КММ мұғалімі;
  • Әсемкүл Жақсылықова – Қызылорда облысы "Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ мұғалімі;
  • Сәбит Ибадуллин — Павлодар облысы "Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені" КММ мұғалімі;
  • Светлана Исаева – Жетісу облысы Талдықорған қаласы "М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі;
  • Айжан Қапезова – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы "Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп" КММ мұғалімі;
  • Сәбира Күлпейісова – Қарағанды ​​облысы Қарағанды ​​қаласы "А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі;
  • Марфуға Күнтаева – Шымкент қаласы "Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы" МКК мұғалімі;
  • Әлия Қадирова – Маңғыстау облысы "Ақшұқыр мектеп-лицейі" КММ мұғалімі;
  • Серік Қазиханов – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы "Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ мұғалімі;
  • Майра Мамбетова – Алматы қаласы, еңбек ардагері;
  • Рысжан Нұршина – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы "№8 гимназия" КММ мұғалімі;
  • Роза Салимова – Түркістан облысы "С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты" КММ мұғалімі;
  • Ардақ Хайрлиева – Атырау қаласы "М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ мұғалімі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: