Тоқаев бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды
Іс-шарада Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ағыбай Нұғыманов, Ақтөбе қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер сөз сөйледі, делінген Ақорданың Telegram арнасында.
Айта кетсек, елімізде алғаш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы 2021 жылы берілді. Сол кезде Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапатқа ие болды. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады.
2023 жылы осы атаққа ие болған ұстаздар тізімімен мына арадан танысуға болады.