251 жыл бұрын жарық көрген көне кітап қыздар университетінде сақталған
Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасындағы ең көне кітапқа 251 жыл толды. "Опытъ историческаго словаря о россійскихъ писателяхъ" деп аталатын жәдігер 1772 жылы жарық көрген.
264 беттен тұратын көне кітап өте сирек кездесетін туынды саналады. Көне кітаптың парақтарына зиян келтірмеу мақсатында ол барлығына бірдей көрсетілмейді. Бұл ақпаратты Ғылым және жоғары білім минитрлігі Кітапханашылар күніне орай бөлісті.
Көне кітаптарға қорған болған кітапхана университет ашылғаннан кейін 4 жылдан соң 1948 жылы қаланды. Бастапқыда мұнда 1500 ғана кітап болған. Ал қазір кітап қоры бір жарым мыңнан 1 084 743 кітапқа бір-ақ өсті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына бір уақытта 450 оқырман отырып, кітап, газет-журналдар оқи алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript