Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның ең ұзын өзендері туралы не білеміз

Қазақстанның ең ұзын өзендері туралы не білеміз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 19:00 Сурет: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның ең ұзын өзендері туралы қызық ақпарат бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

1-орында Ертіс өзені

Ертіс - Қазақстандағы ең ұзын және кеме жүзетін өзен. Жалпы ұзындығы - 4248 шақырым, оның 1698 шақырымы Қазақстан аумағында. Ертіс өзені еліміз үшін тұщы судың аса маңызды көзі болып табылады және республика экономикасында маңызды рөл атқарады. Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

2-орында Сырдария өзені

Сырдария - Орталық Азиядағы ең ірі өзендердің бірі. Тянь-Шань тауларынан бастау алып, Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы шамамен 2212 шақырым, оның 1627 шақырымы Қазақстанда. Оңтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін маңызды су көзі болып табылады. Арал теңізіне құяр жерінде суы мол жылдары тіпті кеме жүрген. Өзен бойында ежелгі қалалардың орны көп. Сырдария өзені Шығыс жазбаларында Шаш, Ходжент, гректерде Яксарт, арабтарда Сейхун деген атпен кездеседі.

3-орында Есіл өзені

Есіл — Ертіс өзенінің ең ұзын саласы. Жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, оның 1400 шақырымы Қазақстан аумағында. Есіл өзенінің жағасында Астана, Есіл, Державин, Сергеевка, Петропавл қалалары орналасқан. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның ағысы қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толып отырады.

4-орында Жайық өзені

Өзеннің жалпы ұзындығы 2428 шақырым, оның 1084 шақырымы Қазақстан жерінде. Жайық өзені Орал тауларымен бірге Еуропа мен Азияны бөлетін шартты шекара болып есептеледі. Жайық өзені мен оның салалары негізінен қармен қоректенеді. Өзен Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады және балық аулау мен рекреациялық туризмге мүмкіндік береді. Мұнда бекіре, майшабақ, көксерке, сазан, жайын секілді 40-қа жуық балық түрі бар.

5-орында Тобыл өзені

Тобыл - Ертіс өзенінің саласы. Жалпы ұзындығы - 1591 шақырым, оның 800 шақырымы Қазақстан территориясында. Тобыл бассейнінде жалпы ауданы 9000 шаршы шақырым болатын 20 мыңға жуық көл және бірнеше су қоймасы бар. Негізінен қар және жаңбыр суымен қоректенеді.

Қазақстанда 17 мыңнан астам өзен бар. Оның әрқайсы өз табиғатымен, ұзындығымен, биологиялық әралуандылығымен ерекше. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: