Қазақстандық оқушылар роботехникадан дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

Қазақстан оқушылары, роботехника, робототехникадан дүниежүзілік олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 09:47 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен робототехникадан дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар:

  • 2 орын (күміс) – "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;
  • 3 орын (қола) – "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;
  • 3 орын (қола) – "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: