Магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау 12 желтоқсанда басталады

Магистратура, грант, құжаттарды қабылдау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 19:26 Сурет: Zakon.kz
Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы 4 желтоқсанда хабарлады

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"даярлау бағытына 1 758 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант,  "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 2-8 желтоқсан аралығ ында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: