Қазақстан оқушылары пластик жейтін бактериялар жасап шығарды

Қазақстан оқушылары пластик жейтін бактериялар жасап шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 13:22 Сурет: pexels
Шымкенттегі оқушылар пластик жейтін бактерия жасап шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеушілердің айтуынша, бұған ұқсас бактериялар табиғатта бар. Бірақ олардың метаболикалық процестері баяу. Оқушылар оларды жылдамдатудың жолын ойлап тапты. "Хабар" агенттігінің хабарлауынша, бұл салада көп зерттеу жасалған.

"Жасалған бактерияны табиғатқа шығару мүмкін емес", - дейді биолог Жанна Өтебаева.

Оның айтуынша, оны өнеркәсіптік ортадағы биореакторда ғана қолдануға болады. Прототипті оқушылар өздері жасады. Қоқыс өңдейтін зауыттардың бірі жобаға қызығушылық танытып үлгерді. Өйткені пластик ғасырлар бойы ыдырамай, қоршаған ортаны ластайды. Бір грамм бактерия биореакторда 1-2 сағатта 80 грамм пластикті ыдыратады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: