Жаңалықтар тізбегі
0

Енді ҰБТ сертификатын egov қолданбасы арқылы алуға болады

Енді ҰБТ сертификатын egov қолданбасы арқылы алуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2023 17:43 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ақпараттық ұлттық технологиялар" АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында "Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты" деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосты.

Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады. ҰБТ сертификаты пайдаланушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды. Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады. Бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

ҰБТ сертификатын алу үшін:

  • Қосымшаға кіріп, басты бетте "Сандық құжаттар" деген бөлімді таңдау;
  • Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.
"Қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген. Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тестілердің нәтижесі есептеледі. Сонымен қатар ҰБТ сертификатының ерекшелігі ақылы бөлімде оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге және НЗМ түлектеріне байланысты", - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген. Егер жарамды мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: