2023 жылы елімізде қызылшаның 30 мыңға жуық жағдайы анықталды
Сурет: Zakon.kz
Елімізде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді. Оның 79%-ы балалар арасында болған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл ОКҚ өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 4%, ересектер арасында 17% құрады. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1900 астам жағдайы тіркелді", - деді ол.
Дегенмен қазір елдегі қызылша бойынша ахуал тұрақталды. Эпидемияға қарсы барлық іс-шара жалғасып жатыр. Манар Смағұлдың айтуынша, қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін жоспарлы тәртіппен және қосымша жаппай иммундау шеңберінде тиісті адамдарға вакцинация жүргізіледі.
"Бүгінде жоспарлы егумен қамту республика бойынша 94%-дан асты. Бұл ДДҰ ұсынған 11 айдағы көрсеткішке сәйкес келеді. Ошақтарда қарым-қатынаста болған адамдар арасында медициналық көрсеткіштер бойынша анықталған 26 мыңнан астам адам егілді. Сонымен қатар қосымша иммундау компаниясы барысында 949 мыңнан астам адам вакцинациямен қамтылды", - деді ДСМ өкілі.
Еліміздің көптеген аймағында иммундау компаниясын жүргізудің оң динамикасы байқалады. Мысалы Қызылорда, Жетісу, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 70%-дан асады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript