Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік екпеге қарсыларға қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты

Вакцина, екпеге қарсы, Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 18:24 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Манар Смағұл 6 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифингі барысында салалық министрлікте екпеге қарсыларға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Манар Смағұл Қазақстанда екпеге қарсы насихат жүргізушілерді қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайы бұған дейін тіркелмегенін баса атап өтті. 

"Ондай адамдар, ең алдымен балаларының алдында жауапты. Олар өз баласының өмірі, денсаулығы және болашағына қатысты құқықтарды бұзады. Себебі қызылша асқынатын ауру. Ең қорқыныштысы – нәресте сауығып кеткен болады, бірақ вирус ағзада тұрақты сақталып, 5-7 жылдан кейін склерозды паненцефалитті (ақыры өлімге әкеліп соғатын мидың зақымдануы, психикалық деградация, құрысу, тартуларды тудырады) тудыруы мүмкін. Бұл жасырын асқынулар жағдайының бірі және ресми статистика растағандай, мың баланың бірі осындай асқынуға бейім". Манар Смағұл

Оның айтуынша, қызылшаға қарсы вакциналау Еуропа мен АҚШ-тың бірқатар елдерінде міндетті болып табылады. Бұл елдерде жоғары оқу орындарына түсу кезінде вакциналау сертификаты болу міндетті, онсыз оларды оқуға жібермейді. 

"Екпеге қарсыларға біз вакцина алмауға әбден бекінген адамдарды жатқызамыз. Біздің бүгінгі миссиямыз барлық адам 100% екпе алуы керек, оған қарсыларды нөл етеміз дегенде емес. Мысалы, қызылшаға қарсы вакциналау деңгейін 98%-ға жеткізуге ұмтыламыз, кем дегенде - 95%. Ал 5% - екпеден бас тартқандар немесе медициналық қарсы көрсетілімдері барлар. Біздің міндетіміз – екпеден бас тартушылықты бір деңгейде тежеп ұстау. Ол үшін вакциналаудың пайдасы мен оның қажеттілігін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде". Манар Смағұл

Ол Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының базасында сайт құрылғанын және egu.kz-дан вакцинация туралы ақпаратты екі тілде табуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, 7701 call-орталығы бар, оған екпе алуға қызығушылық танытқандардың барлығы өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарымен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа алады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: