Pfizer компаниясы неліктен ақылы екпеге рұқсат бермейді – министрлік түсіндірді
Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer неліктен коронавирус инфекциясына қарсы ақылы екпе жасауға келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Өкінішке қарай, олар бізге ақылы екпе жасауға келісім бермейді. Компания мұндай әрекет алып сатуға себеп болады деп есептейді. Денсаулық сақтау министрлігі мен компания арасындағы келісім аясында вакцинаны қайта сатуға рұқсат жоқ. Осыған байланысты Pfizer вакцинасын ақылы салуға мүмкіндік жоқ.Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда жүкті және бала емізетін әйелдер, 12 жастан асқан балалар Pfizer вакцинасын салдыруына болады. Сонымен бірге медицина қызметкерлерін, 50 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялауға болады.
17 ақпаннан бастап COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен мүгедектерге Pfizer вакцинасы салынады.
Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Бұл туралы коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript