Министрлік QazVac-ты ДДҰ-да тіркеу неліктен ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді
Сурет: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцина неліктен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында әлі тіркелмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ажар Ғиният ДДҰ коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны тіркеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына сендірді.
Вакциналарды сертификаттаудың халықаралық талаптары бар. ДДҰ өкілдері былтыр келсе, биыл онлайн аудит жүргізді. Күзде ДДҰ-ның бүкіл миссиясы келіп, вакцинаны қалай өндіретінімізді, мұнда сараптама қалай өткенін, оның халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін-келмейтінін білуі керек.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының миссиясының мүшелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне алдағы уақытта вакцинаны сертификаттау үшін не істеу керек екені туралы тиісті ұсыныстар беріп жатқанын айтты.
Біз алдыңғы ұсыныстарды орындадық. Келесі миссияны күтеміз, олармен жұмысты жалғастырамыз. Бұл сұрақ ДДҰ Бас директорына белгілі. Барлығы бақылауда. Біздің барлық процедурамыз халықаралық стандарттарға сәйкес келетіні бізге байланысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы
Қазақстандықтарды ревакцинациялау үшін QazVac, Sinopharm және Sputnik Light вакциналары бар екені бұған дейін хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript