Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі неліктен миллиондаған адам медициналық сақтандырумен қамтылмағанын түсіндірді

МӘМС, Мәжіліс, Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 13:56 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 9 қазанда Мәжілісте өткен "үкімет сағатында" 3,3 миллионнан астам адам неліктен медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда 3,3 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғанын айтты. Оның сөзінше, олардың көбі ауылды жерде тұрады. Бұл адамдардың медициналық тексерістен өтуге, скринингтік тексеруден өтуге, мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты сақтандырылмаған азаматтар арасында аурудың асқынған жағдайлары көп.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әрбір азамат міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болуы керек екенін айтты.

"Бес жылдан бері үш миллионнан астам адам бұл жүйеге кірмеген. Жеке нөмірді пайдалана отырып, цифрлық отбасы картасының негізінде жүйеде жоқ адамдарды анықтап, сараптама жүргіздік. 3,3 миллион адамның 800 мыңы ауқатты отбасылар, олардың тұрақты табысы, үйі бар, бірақ белгілі себептермен жүйеге кірмей қалған", – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Министрлік бұл мәселені халықтың жалпыға бірдей декларациясы аясында шешуге болады деп есептейді.

"Қазір бұл адамдар Міндетті медициналық сақтандыру қорына ғана емес, басқа салықтарды да төлеп отырған жоқ. Қаржылық жағдайы қиын адамдар санаты бар.1,5 миллион адам кедейшілікте өмір сүреді, олар негізінен ауылдық жерлерде тұрады. Сондықтан бұл адамдарды бюджет есебінен сақтандыруды ұсынып отырмыз. Бұл мәселе әлі де сіздермен (Мәжіліс – ред.) және үкіметпен, басқа органдармен талқыланып жатыр. Біздің есептеуіміз бойынша, шамамен ол үшін 70-80 миллиард теңге қажет", – деп түйіндеді сөзін Ажар Ғиният.

9 қыркүйекте денсаулық сақтау министрі сақтандырылмаған қазақстандықтарға көлік жүргізуге тыйым салуды ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: