Ғиният сақтандырылмаған адамдарға неліктен жүргізуші куәлігін беруді шектеуді ұсынғанын түсіндірді
Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 18 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында неліктен міндетті медициналық сақтандыру бойынша сақтандырылмаған адамдарға жүргізуші куәлігі мен қару-жараққа берілетін рұқсатты шектеуді ұсынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі денсаулыққа қатысты кейбір мемлекеттік қызметтерді шектеуді ұсынғанын айтты.
"Бұл – әлемдік тәжірибе. Көптеген елде, Германияда, Норвегияда, Ұлыбританияда, барлық дамыған елдерде талап етеді (жүргізуші куәлігі мен қару-жарақ алуға рұқсат беру үшін медициналық сақтандыру. – ред.) ... Бүгінде елімізде жылына 3 мыңнан астам адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. жол-көлік апаты өте көп. Олардың жартысы қайтыс болады, негізінен еңбекке жарамды жас адамдар, балалар, жартысы ауыр жағдайда медициналық ұйымдарға түседі. Адамдар осындай жағдайға тап болғанда, оның сақтандырылған-сақтандырылмағанын сұраған медицина қызметкеріне қандай реакция болады деп оайсыз?", – деп қарсы сұрақ қойды Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, жедел көмек медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі, бірақ кейбір күрделі травматологиялық операциялар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген.
"Қалай ойлайсыз, медицина қызметкерлеріне: "Сіз ертең операцияға баруыңыз керек, сақтандырылғансыз ба, жоқ па?" деп сұраған ұнайды деп ойлайсыз ба? Мұның бәрі адам денсаулығымен байланысты. Мысалы, анықтама алғысы келеді. Бұл біздің ұсынысымыз, оны талқылап жатқанымыз жақсы, әрі қарай талқыланады. Бірақ біз өз денсаулығымызға жауапты болуымыз керек. Қару-жараққа анықтама алады, ал қандай да бір оқыс жағдайға тап болсаң, сенде сақтандыру бар ма? Сіз көмек сұрап медициналық ұйымға келесіз. Сондықтан бәрінің медициналық сақтандыруы болуы керек", – деп түсіндірді Ажар Ғиният.
2023 жылғы 9 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрі сақтандырылмаған қазақстандықтарға көлік жүргізуге тыйым салуды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай құжаттарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде бар адамдарға ғана беру керек деп есептейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript