Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат миллиардтап грант алатын ғалымдар туралы: "Сол бір адамдар, бірақ нәтиже жоқ"

Ғылым, мемлекеттік грант, депутат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 12:20 Сурет: pxhere
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Мәжілістің жалпы отырысында миллиардтап грант алатын, бірақ олардың жұмысы туралы ешкім білмейтін ғалымдардың аты-жөнін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат мұндай гранттарды алушылар, көбінесе белгілі бір тұлғалар болып келетінін айтады.

"Соңғы 10 жылда осындай гранттарды алып келгендерге тоқтала кетейін. Әдікенов - 1,4 млн теңге, Мансұров – 930 млн теңге, Раманқұлов – 1,1 млрд теңге, Рамазанов - 1,6 млрд теңге. Бұл ғалымдар қандай нәтижелер көрсетті? Олардың коммерцияландыру бойынша қандай жетістіктері бар? Қанша жаңа жұмыс орны ашылды және мемлекеттік бюджетке қанша салық түсті" деп сұрады депутат.

Сондай-ақ, Еділ Жаңбыршин көзге көрінетін нәтиже көрсете алмаған ғалымдар гранттық қаржыландыруға қай уақытқа дейін жіберіле беретінін сұрады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғарыда аталған ғалымдарға қатысты жазбаша жауап беретінін айтты.

"Коммерцияландыру нәтижесінде соңғы бес жылда 60 млрд теңгеге жуық салық бюджетке түсті. 1400-ден астам жұмыс орыны құрылды. Бизнес тарапынан инвестициялар түрінде жеке сектордан қаражат тартылды. 10 ұйым бойынша қандай нәтиже көрсеткені туралы мен сізге толықтай жазбаша жауап беремін", - деп түсіндірді Саясат Нұрбек.

Дегенмен министр гранттарды иелену талаптарын күшейту қажет екенін мойындады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға енгізілген түзетуді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Оған сәйкес ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау пакеті кеңейтілмек. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: