Қазақстанда ғалым әйелдерге арналған Базанова атындағы марапат тағайындалды

Қазақстанда алғаш рет ғалым әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңадан тағайындалған марапат Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанованың атымен аталады.
Бұл жайлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен мерекелік іс-шарада Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды 24kz.
Ол ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және еліміздегі ғалымдардың 60%-ын әйелдер құрайтынын сөз етті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз