Қазақстандық Стэнфордқа докторантураға түсті

Әсел NU-да биология ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алды, ал Йельдегі магистр дәрежесі кезінде ол Йель медицина мектебіндегі ERIC (Зерттеу және инновациялар орталығында) зерттеуші-интерн және SalivaDirect (COVID-19 ауруын ерте анықтау және диагностикалау орталығы) қызметкері болып жұмыс істеді.
"Әсел медицина саласындағы оқуын және ғылыми тәжірибесін жалғастырып, докторантураға толық грантқа қабылданды",- делінген ақпаратта.
Ибадулла өзінің негізгі мақсаты – Қазақстанға жұқпалы емес аурулар мен психикалық бұзылуларға қарсы тиімді шаралар мен алдын алу шараларын қалыптастыруға көмектесу екенін айтты.
"Сондықтан студенттік жылдарыңызды талпынуға, өзіңізді тану мен тұлға болып өсуіне арнаңыз", – деп түйіндейді Әсел Ибадулла.
Шымкенттік қыздың жетістігін alga.peterburg Instagram парақшасы да жариялаған болатын. Онда автор Әселдің Стэнфордта оқу грантын алған әлемдегі екі студенттің бірі екенін айтты.
14 сәуір қарсаңында Ибадулла Стэнфорд университеті туралы алғашқы әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Әсел бір минутқа созылатын бейнероликте Стэнфордтағы докторантураға дейінгі жолын баяндап берді.
Айта кетейік, Әсел тұрмыста. Ол жұбайымен бірге кішкентай қызды тәрбиелеп отыр.
Бұған дейін Гарвардтың 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылғандығы хабарланған болатын.