Қазақстандық талапкерлерге маңызды күнтізбе ұсынылды

Студенты, университеты, вузы, абитуриенты, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 13:13 Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгін, 2025 жылғы 9 маусымда қазақстандық талапкерлерге маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтқанда, оларға 2025-2026 оқу жылына түсу күнтізбесі ұсынылды.

Ақпаратқа сүйенсек, Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;

Ал, ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;

"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

"Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар",- деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Өскеменде құтқарушылардың велосипедші балаға көмекке келгендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: