"Болашақ" бағдарламасына жасқа байланысты шектеулер енгізілуде

"Болашақ" бағдарламасы, жас, шектеу, Саясат Нұрбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 18:57 Сурет: bolashak.gov.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылдың 16 сәуірінде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлер үшін жас шегін белгілеу жоспарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек бүгінгі таңда   "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқандар арасында жасы 70-ке жақындап қалған екі стипендиат барын атап өтті.

"Біреуі - 68-де, екіншісі - 70 жаста. Сондай-ақ, тағы бір түлек 67-68 жасында Ресейде, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің базасында тағылымдамадан өтті. Бұрын бағдарлама бойынша 40 жасқа дейінгі жас шектеуі болған. 2012 жылы біз "40+" санатындағы тәжірибелі мамандарға кәсіби тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру үшін бұл шектеуді алып тастадық. Қазір жас шектеулері нақтыланды: егер зейнеткерлік жасқа кемінде үш жыл қалса, тағылымдамадан өтуге болады. Яғни, ер адамдар үшін шекті жас - 61 жас (64 минус 3), әйелдер үшін – 57 жас (60 минус 3). Бұл өзгерістер биыл күшіне енеді", - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, мұндай өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертулерінен кейін емес, жоспарға сай енгізілген.

Бұған дейін, 2025 жылғы 14 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында қазақстандық ғалымдарды "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамаға жіберу тәртібін сынға алған болатын. Мемлекет басшысы ғылымға жақындығы жоқ ғалымдар шетелде жүргенін айтқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: