Қытай 10G кең жолақты интернет желісін іске қосты

Интернет, Қытай, 10G  , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2025 10:58 Сурет: pixabay
19 сәуірде Huawei және China Unicom компаниялары тізе қоса отырып, Қытайда 10G кең жолақты интернет желісін іске қосқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mydrivers порталының мәліметі бойынша, 10G кең жолақты байланыс желісін орнату әлемдегі жетекші 50 GPON шешіміне негізделген.

Нақты өлшенген жүктеу жылдамдығы - 9834 Мбит/с, ал жолдау жылдамдығы - 1008 Мбит/с, бұл ретте кідіріс тұрақты түрде 3 мс болды.

Компания мұндай жасақтама адамдардың өмірінде төңкеріс жасайтынына сенімді. Бұл жоғары өткізу қабілеттілігін қажет ететін болашақ қосымшалар мен қызметтердің дамуына да әсер ететіні сөзсіз. Атап айтқанда, 8K видео мен сақтауға арналған "бұлттар". Сынақ барысында желі бір уақытта бірнеше смарт құрылғылар қолданылған кезде де тұрақты жұмыс істеді.

Бұған дейін қазақстандықтарға eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді болғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: