Қытай атом қолданылмайтын сутегі бомбасын сәтті сынады

Бомба, Қытай, сынақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2025 12:49 Сурет: pixabay
Қытайлық ғалымдар ядролық материалдар пайдаланылмайтын сутегі негізінде жасалған жарылғыш құрылғыны сәтті сынап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, далада өткізілген сынақтар барысында жойқын тізбекті химиялық реакция тудыру мүмкін болды. 

"Бомбада магний гидриді химиялық қосылысы қолданылады.  Екі килограмдық құрылғы сынау кезінде жарылыс болып, температурасы мың градустан асатын отты шар пайда болды", делінген басылымда.

Жоба авторларының айтуынша, кәдімгі жарылғыш заттарды іске қосқанда магний гидриді тез термиялық ыдырауға ұшырап, жанғыш сутегі газын бөледі. Бұл комбинация жарылыстың қарқындылығын дәл табуға мүмкіндік береді, кең аумақта белгіленген нысандарды біркелкі жоюға оңай қол жеткізіледі.

Басылым атап өткендей, Қытайдың Халықтық-азаттық армиясы мұндай қаруды қалай және қандай мақсатқа қолданатыны әлі белгісіз.

Бұған дейін АҚШ COVID-19 вирусының туындауына қатысты есепті жариялады. Ақ үй жариялаған есепке сәйкес, коронавирустың зертханада жасалғаны және Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан  сыртқа таралуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: