Терек мамығы автокөліктер үшін қауіпті болуы мүмкін

Терек мамығы автокөліктер үшін қауіпті болуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 11:29 Сурет: pixabay
Терек мамығы автокөлікке айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университетінің ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

NEWS.ru жазуынша, мамандар терек мамығының көліктің радиаторын бітеп тастай алатынын еске салды. Бұл қозғалтқыштың қызып кетуіне әкеледі.

Мамық шаң ылғалмен араласып, салқындату жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін. Радиаторды тазалау — автокөліктің алдыңғы бөлігін бөлшектеуді қажет ететін күрделі процесс.

Сондай-ақ, мамық ауаны тазарту функциясы бар ауа баптағыштың дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Мұндай ауа баптағыштар аллергендердің концентрациясын азайтуға көмектеседі, алайда ол үшін сүзгілерді үнемі тазартып тұру қажет. Әйтпесе, тұқымдар жүйені бітеп, қызып кету қаупін арттырады.

Бұған дейін америкалық ғалымдардың Марста жауын-шашын мен қар жауғанын анықтағаны жайла жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: