Астанада терек мамығы өртенді: орындық пен көлікке зақым келді

Астанада терек мамығы өртенді: орындық пен көлікке зақым келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 22:46 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада терек мамығы өртенді. Оқиға бүгін Астананың Байқоңыр ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында шағын алаңдағы терек мамығы мен орындықтардың өртенуі сөндірілді.

Сондай-ақ, жылу әсерінен жеңіл автокөлікке зақым келген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ ескерту жасады:

  • Терек мамығын өзіңіз өртемеңіз және оны балалардың өртеуіне жол бермеңіз;
  • Егер көшеде еркелікпен терек мамығын өртеп жатқан балаларды көрген болсаңыз бей-жай өтіп кетпеңіз!
  • Балалардың сіріңке мен оттыққа қолжетімділігін шектеңіз;
  • Аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған терек мамығына су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан сыпырып тастау қажет.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: