Бактериялар ғарышта өмір сүре ала ма – зерттеу нәтижесі

Ғарыштағы бактериялар, Жер, бактерия , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 13:51 Сурет:
Австралиялық зерттеушілер адам денсаулығы үшін маңызды бактериялар зымыран ұшырылуы кезіндегі экстремалды жүктемелерге және қысқа мерзімді салмақсыздыққа төтеп бере алатынын дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

npj Microgravity журналында жарияланған зерттеу нәтижелері бойынша, бұл жаңалық Марсқа болашақ пилотты миссиялар үшін үлкен маңызға ие. Себебі адам ағзасындағы микрофлораны сақтау — тірі қалудың негізгі факторларының бірі болады.

Ғалымдар Bacillus subtilis спораларын зерттеді. Бұл бактериялар иммундық жүйе, ішек пен қан айналымының қалыпты жұмыс істеуіне маңызды рөл атқарады.

Зерттеу барысында бактерия споралары шағын капсулаларға салынып, 260 км биіктікке ұшырылды. Бұл мақсатта ResearchSat компаниясымен бірлесіп жасалған зерттеу зымыраны қолданылды.

Ұшу кезінде споралар жоғары үдеуге ұшырап, алты минуттан астам уақыт бойы микрогравитация жағдайында болды. Алайда осындай экстремалды жағдайларға қарамастан, бактериялар өсу қабілетін толықтай сақтап, құрылымдық зақымдануларға ұшырамаған.

Бұл жаңалық Жерден тыс өмірдің мүмкіндігін зерттеуге талпыныс тудырады.

Бұған дейін ғалымдардың Тынық мұхитының түбінен жанартау тапқандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: