Ғалымдар ғарыштан келген жұмбақ сигналдың иесін тапты

Жұлдыз, жарық, ескі жұлдыз сигналы, ғарыш әлемі , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 11:25 Сурет: pixabay
Соңғы үш жыл бойы NASA астрономдары ғарышта әр 44 минут сайын қайталанатын сигналды бақылап келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

eldiario24.com деректеріне сүйенсек, ғалымдар жылдар бойғы зерттеуден кейін жұмбақ сигналдың қайдан және кімнен келгенін анықтай алды.

Астрономдар Австралияда орналасқан Square Kilometer Array Pathfinder (ASKAP) радиотелескопы мен NASA-ның Chandra рентгендік обсерваториясын қолданып, сигналдың қайдан шыққанын зерттеді. Бұл сигнал ASKAP J1832−0911 деп аталды. Ол ұзақ мерзімді радиосигнал көзі (ағылшынша LPT – long-period transient) ретінде жіктеледі.

Мұндай LPT көздері өте сирек кездеседі. Олар ғарыштағы маяк секілді әрекет етіп, радиотолқындарды үлкен күшпен жібереді. Қазіргі уақытқа дейін астрономдар осындай тек 10 шақты ғана нысан тапқан. Ең танымал түрі – пульсарлар. Алайда, ASKAP J1832−0911 сигналының пульсарлардан айырмашылығы – оның сигналы әр 44 минут сайын қайталанып отырады.

Бұл ретте, ғалымдардың пікірлері екіге бөлінді:

  • Кейбір зерттеушілер ASKAP J1832−0911 – магнетар (өте күшті магнит өрісі бар жұлдыз қалдығы) болуы мүмкін деп есептейді. Магнетарлар, әдетте, жойылып кеткен жұлдыздардың ядросында пайда болады.
  • Басқа ғалымдар бұл – екі магниттелген ақ карликтің (яғни ескі жұлдыз қалдықтарының) жұбы болуы мүмкін деген болжам айтты.

Ал Австралияның Перт қаласындағы Кертин университетінің астрономдары бұл ашылуды қазіргі ғылымға беймәлім жаңа физика немесе ғарыш эволюциясының жаңа кезеңінің бастауы болуы мүмкін деп есептейді.

Бұған дейін сарапшылардың жарты тәулікте Күн бетіндегі қуатты 15 жарқылды тіркегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: