Бразилияда отынмен жүретін ерекше көлік табылды
Сурет: Record TV Cabo Verde
Бразилияның Record TV Cabo Verde телеарнасы отынмен қозғалатын ерекше көлік туралы сюжет түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл – елдегі жалғыз осындай көлік. Ерекше Chevrolet Styleline Deluxe көлігі 1952 жылы шыққан және ол шамамен жарты ғасыр бойы тек отынмен жұмыс істеп келеді.
Екі есікті бұл автомобильді жергілікті шебер Арнольдо Шмидт жасаған. Ол бұл идеяны 1977 жылы ұлы Элемермен бірге іске асырып, көлікті құрастыруда алты ай бойы тер төккен.
Санта-Катарина федералды университеті көліктің пайдалануға жарамдылығы туралы ресми сертификат беріп, оны жергілікті Көлік департаменті де мойындаған.
Көліктің авторы Арнольдо Шмидт 2021 жылы өмірден өткен, ал қазір Chevrolet көлігінің иесі – оның ұлы Элемер.
Бұған дейін Lamborghini-дің есіксіз жаңа суперкар шығарғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript