Жаңалықтар тізбегі
0

Қадір түнінде Астананың бас мешіті мен "Әзірет Сұлтан" мешітінен тікелей эфир жүргізіледі

Қадір түні, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 21:19 Сурет: Zakon.kz
Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы "Munara TV" мен "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Munara TV" арнасы елордасы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттен және "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Әзірет Сұлтан" мешітінен ұсынатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

Сағат 22:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: