Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгінгі Қадір түніндегі шаралар тікелей эфирден беріледі

Қадір түні, тікелей эфир, Мұнара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 18:20 Сурет: Zakon.kz
Бүгін мың айдан да қасиетті Қадір түніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы "Munara TV" тікелей эфирде арнайы бағдарлама ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Munara TV" арнасы елордасы Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттен ұсынатын тікелей эфир Қадір түніне арналған құттықтаулармен ашылады. Одан әрі студиядан бірнеше сұхбат ұйымдастырылып, Қадір түнінің және Құран хатым дұғасы оқылады.

"21:00-де басталатын тікелей эфирде Қадір түнінің қасиеті мен хикметіне қатысты түрлі тақырып төңірегінде салиқалы сұхбаттар мен әсерлі уағыз-насихаттар ұсынылады. Сондай-ақ орталық студияға арнаның аймақтардағы тілшілері тікелей қосылым жасайды", делінген хабарламада.

Қадір түні оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар туралы мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: