Африка біртіндеп екі құрлыққа бөлініп келеді – ғалымдар

Африка біртіндеп екі құрлыққа бөлініп келеді – ғалымдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 11:29 Сурет: pixabay
Германиядағы Киль университетінің мамандары Африка құрлығы баяу түрде екі үлкен бөлікке ажырап бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу нәтижелері Journal of African Earth Sciences журналында жарияланған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл геологиялық процестің басталғаны туралы алғашқы мәліметтер 1960-жылдардың соңында белгілі болған. Алайда заманауи бақылау әдістері өзгерістердің ауқымы мен қарқынын әлдеқайда дәл бағалауға мүмкіндік берді. Жаңа деректерге сәйкес, Шығыс Африкадағы жер қыртысы жылжып, созылып, баяу жарыла бастады.

Зерттеушілердің нақтылауынша, болашақта литосфералық плиталардың қозғалысы екі жеке құрлық массивінің қалыптасуына әкеледі. Олар Африка шамамен 5–10 миллион жылдан кейін толықтай бөлінеді деп болжайды.

Бұған дейін Бразилияда ежелгі қолтырауын табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: