Ғалымдар ақырзаман жайлы болжам жасады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 13:28 Фото: pixabay
Бристоль университетінің ғалымдарының жаңа зерттеуі адамзат пен басқа да сүтқоректілердің шамадан тыс ыстық салдарынан жаппай жойылу қаупі бар екенін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Earth.com басылымының жазуынша, бұл ықтимал сценарий болашақта құрлықтардың бірі суперқұрлыққа бірігетін болса жүзеге асуы мүмкін. Оған "Пангея Ултима" деген ат қойылады.

Болжамдарға сәйкес, болашақ суперқұрлықтың климаты айтарлықтай қиын болады: мұхиттың әсері азаяды, күн сәулесінің әсері күшейеді және көмірқышқыл газының деңгейі жоғарылайды. Бұл үш фактор ("үштік соққы") температураны 40–70°C дейін көтеріп, адамдар мен сүтқоректілердің жаппай жойылуына алып келуі мүмкін.

Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеу бойынша, тек жердің 8–16% бөлігі өмір сүруге қолайлы температура шегінде қалуы мүмкін, ал құрғақшылық пен су ресурстарының шектеулі болуы тіршілікті одан әрі қиындатады. Ғалымдар қазіргі таңда да температураның өсуі ауыл шаруашылығына, энергетикаға және адам денсаулығына теріс әсер етіп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Мысырда әйгілі перғауынның қабірі бос күйде табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: