Балалардағы аутизмнің даму қаупі туралы ірі зерттеу нені көрсетті
Сурет: pixabay
The Journal of Clinical Endocrinology & Metabolism журналында жазылғандай, зерттеуге қатысқан 4409 әйелде қалқанша безі гормондары деңгейінің жүктілікке дейін, жүктілік кезінде немесе екі кезеңде де қалыптан ауытқуы байқалған. Талдау көрсеткендей, еммен түзетуге болатын дисфункция аутизм спектрі бұзылысының (АСБ) даму қаупін айтарлықтай арттырмайды. Тек жүктілік кезінде пайда болған ауытқулар да айтарлықтай әсер етпеген.
Алайда қалқанша безінің жұмысы жүктілікке дейін бұзылып, жүктілік кезінде де жалғасса, баланың АСБ даму ықтималдығы екі еседен көп артатыны анықталған. Бұл әсіресе қалқанша безінің қызметі төмендеп, тиреоидты гормондар деңгейі азайған әйелдерге қатысты. Гипотиреоз қанша уақыт сақталса, қауіп те сонша жоғары болған: гормондар барлық үш триместр бойы жеткіліксіз болған жағдайда тәуекел үш еседен көп өскен.
Зерттеуде мұндай жағдайы бар әйелдер саны тым аз болғандықтан, қалқанша безі аса белсенді болған (гипертиреоз) қатысушыларға бөлек талдау жасалмаған. Мамандардың айтуынша, ананың тиреоидты гормондары ұрықтың миының дамуы үшін аса маңызды.
Израильдік зерттеушілер аутизмді – адамның қарым-қатынасына, мінез-құлқына және айналаны қабылдауына әсер ететін нейроөсу ерекшелігі екенін еске салды. АСБ бар адамдар әлеуметтік байланыс орнатуға құлықсыз болуы мүмкін, өз жасына сай эмоционалдық байланыс байқалмайды, кей жағдайларда мүлдем сөйлемеуі болмауы мүмкін. Қазіргі ғылым аутизмнің генетикалық, орта факторлары және биохимиялық процестердің күрделі өзара байланысының нәтижесі екенін көрсетеді.
Бұған дейін Павлодарда тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапкершілікке тартылғанын жазғанбыз.