Алматыда лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ
Мамандардың бағалауы бойынша, 8 ақпанда 3000 текше метрден лай көшкіні болған. Сонымен қатар, жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытылып жатыр.
Комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат беріледі.
Еске салайық, бүгін, 8 қаңтарда Алматының Медеу ауданында "Тау-Самал" ықшамауданындағы екі үйді лай басып қалды.
Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды, оның екеуі - бала.
Ерболат Досаев лай көшкіні кезінде қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.