Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілі: жолды тарылту әдісі

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 09:53 Фото: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алудың жаңа тәсілін енгізуде. Мамандар барлық жолдарды талдап, апатқа ұшырауы мүмкін учаскелерді анықтағаннан кейін осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті. Трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты ІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтады.

Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсіл — жолды тарылту әдісі енгізілуде. Ол ЭЫДҰ елдері мен АҚШ-та қолданылады.

Мақсат – тексеру емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу. Тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады.

Бұл қауіпті аймақ арқылы өтуді қауіпсіз етеді. Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағандығына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Сонымен қатар тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ дрондар мен жасырын патрульдеуді белсенді қолданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: