Бұрқасын, боран, қалың қар: қолайсыз ауа райында полиция жолдардағы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті
Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі өткен тәулікте көлік құралдарын сүйемелдеу мен жолдардағы шектеулер туралы мәліметпен бөлісті.
3 қаңтарда еліміздің cегіз облысында 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында.
Тәулік ішінде полиция 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар.
4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде 1 200-ден астам көлік құралын сүйемелдеу ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript