Физиктер жасы 2 миллиард жыл болатын ядролық реакторлардың ізін тапты
Сурет: freepik
New Atlas дерегінше, уран кеніндегі уран-235 изотопының үлесі 0,717 пайызды құраған. Ал табиғи урандағы қалыпты көрсеткіш – 0,720 пайыз. Бар болғаны 0,003 пайыздық айырмашылық уран кені ядролық бөліну процесінен өткенінің алғашқы дәлелі болды.
Физик Фрэнсис Перрен тау жынысы үлгілеріне жан-жақты зерттеу жүргізді. Талдау нәтижесінде ядролық бөліну реакциясы кезінде ғана пайда болатын изотоптық маркерлер анықталды.

Сурет: Ludovic Ferrière/Natural History Museum/IAEA
Кейінірек кен орнына жасалған экспедициялар Окло аймағында жер астында табиғи ядролық реакторлар жұмыс істегенін растады. Геологтар олардың жасын шамамен 2 миллиард жыл деп белгіледі.
Зерттеушілер Окло аумағы мен оған жақын орналасқан Бангомбе учаскесінде барлығы 15 реакторлық аймақты анықтады. Әрбір аймақ шамамен 100 киловатт жылу қуатын өндірген.
Оклодан алынған тау жыныстарының үлгілері 2019 жылдан бері Венадағы Табиғи тарих музейінде сақтаулы. Ал Халықаралық атом энергиясы агенттігі бұл бірегей табысты радиоактивті материалдардың ұзақ мерзімді мінез-құлқын зерттеу үшін пайдаланып келеді.