Мұхит түбіндегі тосын құбылыстар ғалымдарды алаңдатып отыр

Мұхит түбіндегі тосын құбылыстар ғалымдарды алаңдатып отыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 10:57 Сурет: pixabay
Мұхитты зерттеуші ғалымдар соңғы он жылдық бақылаулар нәтижесінде ауқымды экологиялық дағдарыстың алаңдатарлық белгісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Indiandefencereview басылымының жазуынша, теңіз түбі біртіндеп "босап" барады: қоректік заттарды өңдеумен айналысатын тірі ағзалардың түрлері жойылып жатыр. Экологтар Баркли каньонында, шамамен 900 метр тереңдікте, теңіз түбіне органикалық материалдарды түсірген.

Олардың қатарында кит сүйектері, ағаш қалдықтары және карбонаттар болған. Әдетте мұндай заттар мұхиттағы көптеген тіршілік иелерін "қорекке" тартады: теңіз түбіне түскен кит өлексесін алдымен түрлі жыртқыштар жеп қояды, ал кейін арнайы бактериялар арқылы сүйектерді ерітетін теңіз "тазалаушылары" – "зомби-құрттар" іске кіріседі.

Алайда соңғы тәжірибе барысында өркешті киттің сүйектері 10 жыл бойы мұхит түбінде мүлде қозғалыссыз жатқаны анықталды. Ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс судың температурасының көтерілуімен байланысты. Соның салдарынан теңіз түбіндегі оттегі деңгейі күрт төмендеп, көптеген теңіз ағзалары бұл аймақтарға жете алмай қалуда.

Бұған дейін мұхит түбінен "Жоғалған қала" табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: