Қытай 6G байланыс желісін сынақтан өткізді
Сурет: VCG
Қытайда алтыншы буындағы байланыс технологиясы – 6G байланыс желісі бойынша сынақтардың алғашқы кезеңі сәтті аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Бейжіңде өткен Чжунгуаньцунь технологиялық форумы барысында мәлім болды. CGTN мәліметінше, сынақ аясында 300-ден астам технология зертханалар мен тестілік желілерде тексерілген. Қытай мамандарының айтуынша, ел 2030 жылға қарай 6G байланысын коммерциялық түрде енгізуді жоспарлап отыр.
"6G – бұл жай ғана байланыс желісі емес, ол жасанды интеллект мүмкіндіктерімен терең интеграцияланған жүйе болады. Яғни, базалық станциялар, құрылғылар және желі тораптарының барлығы жасанды интеллектке арналған есептеу қуатымен жабдықталады. Бұл дегеніміз, жасанды интеллект тек алыстағы деректер орталықтарында ғана емес, тікелей сіздің жаныңызда – телефоныңызда, қосылып тұрған базалық станцияда, тіпті желі тораптарында да жұмыс істейді",- деп түсіндірді Қытай ғылым академиясының өкілі Чжоу Сюй жаңа желінің ерекшелігін.
Тағы бір маңызды ерекшелік – "ғарыш – әуе – жер – теңіз" жүйесін толық біріктіретін желі. Қазіргі 5G байланыс желісі негізінен жер үсті инфрақұрылымына сүйенеді. Ал 6G дәуірінде спутниктердің рөлі айтарлықтай артады.
Сарапшылар 6G желісін құру 5G-ге қарағанда әлдеқайда қымбат болатынын айтты. Соған қарамастан, Қытай инновацияларды дамытып, халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп, ашық әрі инклюзивті тәсілді ұстанып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript