Бүгін Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Сурет: gov.kz
Бүгін, 2026 жылы 5 тамызда мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Олар талапкерлердің өтініштерін қарады.
"Бұдан әрі талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдары мен бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарды таңдаған. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең жоғары конкурс күтіледі". ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметі
Конкурстық іріктеудің қорытындысы министр Саясат Нұрбектің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Бұған дейін Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript