Арықтауға арналған дәрілердің жаңа қаупі анықталды: ғалымдар не дейді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 12:41 Фото: unsplash
Зерттеушілер GLP-1 негізіндегі арықтауға арналған танымал препараттарды қабылдаған адамдар арасында Вернике энцефалопатиясының 15 жағдайын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу нәтижелерін Fox News жариялады. Нақтылай кетсек, жағдайлардың басым бөлігі Ozempic және Wegovy атауларымен белгілі семаглутид, сондай-ақ Mounjaro және Zepbound препараттарымен байланысты болған.

Вернике энцефалопатиясы В1 дәруменінің (тиамин) тапшылығы салдарынан дамиды. Оның белгілеріне сананың шатасуы, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүру және көру проблемалары жатады. Уақытылы емделмеген жағдайда ауру мидың зақымдануына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, GLP-1 препараттары тәбетті төмендетіп, жүрек айнуы мен құсуға себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан адам ағзасына қажетті қоректік заттар жеткіліксіз түсуі ықтимал.

Ұзақ уақыт бойы құсатын, салмағын өте жылдам жоғалтатын, бариатриялық операциядан өткен немесе алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар қауіп тобына кіруі мүмкін.

Сонымен қатар ғалымдар анықталған жағдайлар препараттар мен аурудың дамуы арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты дәлелдемейтінін атап өтті.

Сарапшылар тағайындалған емді өз бетінше тоқтатуға болмайды дейді Алайда қатты немесе ұзақ уақыт бойы жүрек айнуы мен құсу байқалса, дәрігерге қаралу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: