"Болашақ" оқу бағдарламасының шәкіртақы көлемі өсуі мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 12 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында "Болашақ" бағдарламасы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саясат Нұрбек бұл бағдарлама бойынша шәкіртақы мөлшерін өсіру жоспарлары болғанын мойындады.
"Бүгінгі таңда тұтыну себеті онша жоғары емес қалаларда оның мөлшері айына шамамен 2 мың долларды құрайды. Одан жоғарысы да бар: Лондон, Нью-Йорк үшін, яғни тұтыну себеті қымбаттырақ ірі қалалар үшін: 2 200 доллар, бұл жоғарылатылған шәкіртақы. Бірақ, өздеріңіз атап өткендей, соңғы 13-15 жылдағы бағаның өсімін ескерсек, бұл кей жерлерде жеткіліксіз болып отыр", – деді ол.
Оның айтуынша, ведомство KPMG және Deloitte компанияларымен бірлесіп тиісті есептеулер мен зерттеулер жүргізген.
"Біз бұл мәселені Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынамыз, жыл соңына дейін өзгерістер енгізуге тырысамыз. Қазір қандай шешім қабылданатынын, әзірге білмейміз, бірақ бұл мәселе комиссияның ұжымдық қарауына міндетті түрде ұсынылады. Тұтыну себеттері әртүрлі өсетіндіктен (Еуропада – бір басқа, АҚШ-та, Канадада – басқа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде...), дифференциалды тәсіл қолданылуы мүмкін. Яғни, аймақтық коэффициенттер негізінде қандай да бір дифференциалды тәсіл қолданылады", деп сөзін түйіндеді Саясат Нұрбек.
Бұған дейін Ғылым министрі "отандық ЖОО-лардағы оқу ақысы қымбат" деген пікірмен келіспейтінін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript