Жаңалықтар тізбегі
0

Депозиттегі ақшаның кепілдік өтем сомасы 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Кепілдік берілетін өтемнің мөлшері, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 13:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі жинақ депозиттер бойынша кепілдік берілген максималды соманы 20 млн теңгеге дейін ұлғайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қордағылар 2021 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңгедегі жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген өтемнің максималды мөлшерін 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін заңға қол қойғанын еске салады. Тиісті өзгерістер «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына енгізілді және 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес бір банкте түрі мен валютасына қарай жинақ салымы және басқа да депозиттері бар салымшылар үшін ҚДКБҚ-ның жиынтық кепілдік берілген максималды сомасы да өседі. Бұл жағдайда жиынтық кепілдік берілген максималды сома 20 млн теңгені құрайды.   

Кепілдік берілген максималды соманың өсуіне байланысты ҚДКБҚ салымшылардың да, мемлекеттік бюджеттің де шығынға ұшырамайтындығын атап өтеді: өтем сомасы жинақтау негізінде қалыптасатын арнайы резервтің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта жинақталған арнайы резервтің көлемі ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70%-ын есепке ала отырып, 847 млрд теңгені құрайды. Арнайы резервтің бұл деңгейі заңнамалық тұрғыда бекітілген 5%-дық межеден жоғары және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келеді.  ҚДКБҚ

Қазақстанда ислам банктерінен басқа, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға және жүргізуге лицензия алған барлық банктер міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысады.

Осылайша барша қазақстандықтардың екінші деңгейдегі банктердегі ақшалары жоғарыда көрсетілген лимиттер шегінде ҚДКБҚ қорғауына алынған.

Қазақстанда ислам банктерінен басқа, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға және жүргізуге лицензия алған барлық банктер міндетті түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: