Доллар бағамы төмендеп барады
Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы тағы 1,74 теңгеге төмендеп, 426,70 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Еуро бойынша сауда-саттық 4 ақпанда өтті, содан кейін еуроның орташа сараланған бағамы 496,26 теңге болды.
Биржадағы қытай юанінің бағамы – 67,4529 теңге, ресей рублі – 5,6868 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 427 – 428,7 теңгеге, еуро 487 – 491 теңгеге, рубль 5,7– 5,75 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал әлемдік мұнай бағасы 9 ақпандағы саудада көтеріліп жатыр.
WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 89,75 доллар болды.
Наурызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,44%-ға өсіп, барреліне 81,18 долларға жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript